«Түркістан легионы», «Георгий лентасының» айналасындағы дүрбелең, ашаршылық және т.б тарихи маңызы бар оқиғалар туралы құжаттардың әлі күнге дейін құпия сақталып келгендіктен толыққанды ақиқатқа жете алмай келеміз деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі camonitor.kz-ке сілтеме жасай отырып.
1980 жылдардың соңында тарихымыз туралы тереңірек біле бастадық. Ол уақытта Сталиндік қуғын-сүргіннің құрбандары, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, ГУЛАГ тұтқындары мен ашаршылық көрген адамдар тірі еді. Бірақ олардың сөздерін құжатпен растау керек болды. Ал ол үшін мұрағатты қайта көтеру керек еді.
Шығыс Еуропа елдерінде тарихи шындықты ашу процесі өте тез жүрді. Себебі Еуропа халқы, саясаткерлер коммунистік қалдықтардан тезірек айыққысы келді. Балтық елдерінде де дәл солай болды. Ал посткеңестік елдерде жағдай мүлде күрделі. Майдан, Қырым аннексиясы мен Киевтегі билік ауысқаннан кейін Украинаның КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (МҚК) материалдарын жасыра бастады. Бұл Кремлдің қобалжуына себеп болды. Бүгінгі Ресейдің өткен ғасырдағы КСРО елдерінде болған оқиғаға қандай қатысы бар деп ойлауыңыз мүмкін. Бұл сұраққа жауап беруге тырысамыз. Әзірше өз елімізге оралайық.
1991 жылы 19 желтоқсанда тәуелсіздікті заңды түрде рәсімдегеніне үшінші күн болғанда Қазақ АКСР МҚК орнынан ҚР МҚК пайда болды. Жеті айдан кейін ҰҚК құрылды. Куәгерлердің айтуынша өз қауіпсіздік қызметімізді құру «аса маңызды құжаттарды» шығарудан басталды. Қаншасы жоқ болып кетті, қаншасының көзі жойылды, қаншасын тығып қойғанын тек болжауға ғана болады. Желтоқсан оқиғасы өткеннен кейін бірнеше жылдан кейін құрылған Шаханов комиссиясы аз ғана құжатты жария ете алды.
ҚР ҰҚК арнайы мұрағатында сақталған құжаттар жақын уақытта көпшілікке ашық түрде көрсетіледі дегенге де сену қиын. Бұл тек Желтоқсан оқиғасына ғана емес, 1989 жылдың жаз айындағы Жаңаөзен оқиғасы, 1979 жылы неміс автономиясына құруға қарсылық, Шымкенттегі такси жүргізушілерінің наразылық акциясы және т.б Мәскеу бақылаған оқиғаларға да қатысты.
Саяси астар
КСРО өмір сүрген уақыттағы 20-30 жыл бұрын не болғаны түсінікті. Ал қазіргі билікке қатысы жоқ, куәгерлері қайтыс болып кеткен одан бұрынғы оқиғалар не болмақ? Иә, соңғы кездері ашықтық бар. Алайда ол да толық емес.
«Егер сіз қадалған жерден қан алатын адам болсаңыз және қай құжатты қайдан іздеу керектігін білсеңіз, кейбір құжаттарды мұрағаттан алуға болады. Алайда онда көптеген кедергілерге тап боласыз» дейді бұрынғы арнайы қызмет органының қызметкері. Оның сөзінше құжатты дәл ол жерде сканерлеудің өзі қиындық тудыруы мүмкін. Құжатты сізге тек оқып көруге ғана бере алады. Оның өзінде берсе. Мәселен егер сіз репрессия құрбандарының туысы болсаңыз, ол туралы құжатты тек оқуға ала аласыз. Көп жағдайда көшірмесін жасауға рұқсат бермейді.
Кремлдің Украина, Балтық елдері, Грузияда МҚК мұрағатын құпия ұстауына көңілі толмайды. Бұл мемлекеттік деңгейдегі саяси сауда мен бопсалаудың құралына айналды.
Зерттеу керек!
Біздің тағы бір сұхбаттасушымыз - Қазақстанның әскери тарихын зерттеуші (есімін құпия сақтауды сұрады), «Ерлік жолымен» атты Зерттеу орталығы» қорының директоры Дина Игсатова.
- Сіз және сіздің жақтастарыңыз қандай кедергілерге тап болып отыр?
- Материалдарды іздеу мен зерттеуде ең алдымен оларға қолжетімділік мәселесі туындайды. КСРО құлағанға дейін мұрағаттағы құжаттар Мәскеуге жіберілген. Дәл осы себеппен Қазақстан тарихы туралы кезеңдер қажетті құжаттармен бекітілмеген. Сонымен қатар, «аса құпия құжаттар» деген атауы бар қорлар бар. Олардың қолжетімділігіне шектеу қойылған. Танысуға болатын, алайда жариялауға рұқсат етілмейтін құжаттар бар. Ресей мұның себебін түсіндіріп берді. 1990 жылдың басында көптеген құжат ашық болды. Онда сатқындар туралы да ақапарат болды. Мән-жайды зерттеп, анықтауды талап етіп, арыздана бастағандардың қарасы көбейгеннен кейін шектеулер қойылған.
- Сіз көбіне екінші дүниежүзілік соғыс кезеңін зерттеп жүрсіз...
- Мен ол туралы ұзақ сөйлей аламын. Оның ішінде мұрағаттағы құжаттарды қарау үшін қандай кедергілер мен шектеулер бар екенін ұзақ айтуға болады. Қазақстандағы соғыс кезіндегі құжаттар «Казвоенкомат» қорында жинақталған. Мен көптеген мекемелерге бардым, ал осы жылдың ақпан айында ҚР Президентінің әкімшілігіне бардым.
- Неліктен әлі күнге дейін көптеген құжаттар құпия сақталып келеді? Мәселе саясатта ма?
- Онда ғана емес. Аймақтық басқарманың басшылары мен Мәдениет министрлігінің мұрағат департаменті басшылары өз істерінің нағыз мамандары болуы шарт. Өз елін сүйетін патриот болумен қатар өз еліміздің тарихына қатыстының барлығына үлкен ыждағаттылықпен қарауы керек. Өкінішке орай, бұл әзірше тек тілек қана. Қазір кездейсоқ келген адамдар да бар. Олар да мұрағаттық қорлардың құпиясын ашу мәселесіне кедергі келтіріп отыр.
Дайындаған: Ақнұр МҰХТАРХАН