Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді

/uploads/thumbnail/20170710094701942_small.jpg

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин 7-10 маусым аралығында Қазақстанға келіп, Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті және «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына қатысады. Бұл жайлы ҚХР СІМ ресми өкілі Лу Канның хабарламасында айтылған, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

 «ҚХР төрағасы Си Цзиньпин 7-10 маусым аралығында мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді. Ол ШЫҰ мемлекет басшыларының 17-інші кеңесіне және Астанадағы халықаралық мамандандырылған ЭКСПО көрмесіне қатысады», - делінген хабарламада.

8-9 маусым күндері Астанада ШЫҰ-ының саммиті өтеді. Саммит қатысушылары Үндістан және Пәкістан мемлекеттерін ұйымның толық құқықты мүшелігіне ұсыну жөнінде шешім қабылдайды деп жоспарланып отыр.   

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар