86 жастағы романтик ғаламтор жұлдызына айналды

/uploads/thumbnail/20170710094718052_small.jpg

86 жастағы Джеффри Уокердің инстаграмдағы парақшасы оның сүйікті жарының суреттері мен жарына деген ыстық сезіммен көмкерілген сөздерге толы. Жасы келген романтик бүгінде ғаламтордың жұлдызына айналған, жастар одан бақытты болудың кілтін сұрап күнде жазатын көрінеді.

Джеффи Уокер инстаграм парақшасын немерелері мен шөберелерінің суреттерін қарап отыру үшін ашқан. Сөйтіп әлеуметтік желіні үлкен отбасындағы татулықты сақтап тұратын бірден бір күш деп түсінеді.

Өзінің парқшасына сүйікті жары Полинаның суреттерін сала бастайды. Джеффри мен Полина 1951 жылы отау құрып, бүгінгі күнге дейін сезімдері бір суымастан бақытты ғұмыр кешіп келеді.

Твиттер қолданушысы Лорен Скелл Джеффер Уокер жайлы жазғаннан кейін қария әп сәтте жұлдыз болып шыға келеді.

86 жастағы ғашық қария мұндай өзгерісті күтпеген еді, алайда сүйікті жарының суреттерін салып, сезімін біллдіруді әлі де жалғастырып келеді. Бүгінде оның парақшасын 25 мыңнан көп оқырман оқиды. 

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар