Трамп АҚШ-тың ғаламдық климат жөніндегі Париж келісімінен шығатынын мәлімдеген

/uploads/thumbnail/20170710094802240_small.jpg

АҚШ Президенті Дональд Трамтың ғаламдық климат жөніндегі Париж келісімінен шығатынын мәлімдеген еді, басшының шешіміне наразылық тудырған халық митингіге шықты, деп жазада Қамшы ақпараттық агенттігі. 

Коммерсант.ru басылымының мәліметінше, 100-ге жуық шерушілер Ақ үйге қарсы ғимаратта жиналған. Наразылық тудырушылар қолдарына «Болашақ жоқ», «Біз климаттық әділдікті қалаймыз» деген жазбалары бар плакаттар ұстап алған.

1 маусымда Ақ үйде сөйлеген Трамп "Американы және оның азаматтарын қорғау туралы қасиетті міндетімді орындау үшін АҚШ климатқа қатысты Париж келісімінен шығады. Бірақ келісімге АҚШ үшін, оның бизнесі, халқы мен салық төлеушілері үшін әділ мүлдем жаңа шарттар енгізіп барып қайта қосылу жөнінде келіссөз бастайды" деді.

Ауаға паринк газдарын шығаруды азайтып, ғаламдық температураның жоғарылуына қарсы іс-қимылдар жасауды қарастыратын келісімге бұған дейін 194 мемлекет қол қойып, Сирия мен Никарагуа ғана қол қоймаған болатын. Трамп сайлауалды кампаниясында келісім АҚШ-тың экономикалық мүдделеріне қайшы келетінін айтып, одан шығуға уәде берген. Бұған дейін АҚШ пен оның одақтастары және басқа да мемлекеттер Трампқа келісімнен шықпауға ықпал етіп көрмек болған.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар