Бұл туралы бүгін ОҚК өткен баспасөз мәслихатында Қазконтент АҚ басшысының орынбасары Досымбек Өтеғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz.
«Қазконтент" АҚ бұл шараны ұйымдастырушы болғанымен, сырттан қоғам және мемлекет қайраткерлері тарапынан, белгілі кәсіби журналист мамандар тарапынан арнайы қазылар алқасы құрылды. Қазіргі қазақ журналистикасын, соның ішінде радиожурналистиканы зерттеп жүрген ғалым Намазалы Омашұлы қазылар алқасын бастап отыр. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков және ЕҰУ-дің «Журналистика және саясат тану» факультетінің деканы Қайрат Сақ та осы қазылар алқасының құрамында» - дейді Досымбек Қонысбекұлы.
Сонымен қатар бұл құрамда қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, саясаттанушы Расул Жұмалы, "Қазақстан - 2050" жалпы ұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев, "Нұр Отан" партиясы саяси-талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Юлия Кучинская, "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, белгілі журналист Александр Тараков, "Аймақтық БАҚ" альянсының жетекшісі, "Алматы" телеарнасының басшысы Әлібек Әлденей, белгілі журналист Бейсен Құранбек, "Атамекен" ҰКП "Агробіліктілік" орталығына қарасты "Farmers.kz" порталының жетекшісі Мейрамхан Жәпек, әдебиеттанушы, сыншы Амангелді Кеңшілікұлы қатарлы 13 адам бар.
Қазылар алқасы өздеріне берілген құқықты пайдалана отырып, 15 номинациядан 15 үздікті анықтауға міндетті. Жүлде қоры 15 млн теңге, яғни әр номинацияның үздігіне 1 млн теңгеден беріледі.
Естеріңізде болса, ҚР АКМ радио және баспасөз бен интернетте саласындағы журналистер арасында "Үркер" тұңғыш ұлттық сыйлығын жариялаған болатын.