Charlie Hebdo сатиралық басылымы Макронды Путиннің қолын тістеген күшікке айналдырды

/uploads/thumbnail/20170710095000992_small.jpg

Сатиралық журнал Charlie Hebdo Владимир Путин мен Эммануэль Макрон бейнеленген карикатураны жариялады. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Журналистер Макронды Путиннің қолын тістеп тұрған ашулы күшікке айналдырып жіберген. Ресей президенті болса оған «орныңда жат» деп бұйрық етіп тұр. Карикатураның астында «Макрон Путинді қабылдады» деген жазулар жазылған.

Айта кетейік, Путин мен Макронның кездесуі  29 мамыр күні өткен болатын.  Charlie Hebdo басылымы саяси жаңалықтар мен қоғамдағы өзгерістерді сатира арқылы беретін аты шулы басылым ретінде танымал.

 

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар