Мектеп оқушысын алып қашып, зорлаған жігіт бостандықта жүргеніне ашынған ана видеоүндеу жариялады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710095008476_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысы, Бəйдібек ауданы Шаян ауылының тұрғыны өз жан айқайымен видео арқылы бөлісті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Ол сегізінші сыныпта оқитын қыздың анасы. Белгілі болғандай, сегізінші сыныпта оқитын мектеп оқушысын ер адам алып қашып, зорлаған. Алайда Оңтүстік Қазақстан облысының құзырлы органдары қызды ұрлап әкетіп, зорлаған ер адамға қатысты ешқандай шара қолданбаған.Соның нәтижесінде ол бостандықта жүргенін айтады. Әділдік іздеп шырылдаған ана әлеуметтік желі арқылы Бас Прокуратура мен ІІМ көмек сұрап отыр. 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар