Путин Трампқа деген махаббатын мойындады

/uploads/thumbnail/20170710095034430_small.jpg

Ресей басшысы Путин Дональд Трампты қарапайым саясаткерлердің қатарына жатқызбау керек екенін айтады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Владимир Путин АҚШ президенті Доанльд Трампты «тік және ашқы мінезді» адам деп бағалап, Трамп секілді жандарды жаны сүйетінін айтыпты.

Bloomberg баспасының хабарлауынша, бұл жайында Путин Петербургте өткен Халықаралық экономикалық форумында шетелдік тілшілерге берген сұхбатында айтты.

Оның сөздеріне қарағанда, Трамп әр затқа өзгеше көзқараспен қарайтын көрінеді. «Кей адамдарға ол ұнайды, ал кейбіріне ұнамайды» деді Путин. Соған қарағанда, өзіне ұнайтын болып тұр ғой.

Сондай-ақ, әлі Трамп жайында нақты ештеңе айта алмайтынын, осы уақытқа дейін жеке кездесулері болмағанын да айтты. Бұған дейін Трамп Путинді бір ауыз сөзбен суреттеген, сондағы айтқаны: «мықты».

Айта кетейік, Владимир Путин мен Дональд Трамп шілде айында кездесу өткізбек.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар