Ақсу электр станциясында 120 жылдық еңбек өтілі бар отбасы жұмыс істейді

/uploads/thumbnail/20170710095125399_small.JPG

Еуразиялық Топ  (ERG) құрамындағы «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ-на қарасты Ақсу электр станциясында жалпы өтілі 120 жылдан астам уақытты құрайтын отбасы жұмыс істейді.

Жақында Некрытовтар әулеті  «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде екінші орынға ие болды.

Некрытовтардың бүтіндей үш ұрпағы мамандық ретінде энергетиканы, жұмыс орны ретінде Ақсу электр станциясын таңдаған екен. Жанұяның ақсақалы 81 жастағы Николай Некрытов өмірінің 20 жылын кәсіпорын жұмысына арнапты. Қарияның ұлдары, келіндері, немерелері де өз тағдырларын осы саламен байланыстырған.

«Байқаудағы жеңіске қуанамын. Жылдар бойы жинаған беделді, кәсіби абыройды жоғалтып алмауға тырысамыз, адал ниетпен дұрыс жұмыс істедік, балаларға ғана емес, басқаларға да үлгі бола білдік», - дейді «ЕЭК» АҚ Өндірістік жөндеу бөлімшесінің №2 қазандық учаскесі басшысының орынбасары Олег Некрытов.

«Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ-да жұмыс істейтін еңбек әулеттері «Мерейлі отбасы» байқауында әлденеше рет жүлдегер атанған. Компания ұрпақ сабақтастығына, жас кадрларды тәрбиелеуге ерекше назар аударады.

«Жастар біздің компанияда жұмыс істеуге ұмтылады, себебі олар мұнда баспана мәселесі бойынша да, оқу тұрғысынан да қолдау болатынын, қызметкерлердің денсаулығына, спорттың дамуына үлкен мән берілетінін біледі. Әлеуметтік қамтамасыздандыру – жұмыс орнын таңдау кезінде ескеретін өте маңызды мәселе», - деп санайды Олег Некрытов.

ERG корпорациясы тек қызметкерлерге қатысты ғана емес, жалпы аймаққа әлеуметтік қолдау білдіріп отыр. «Туған қалалар» атты арнайы әзірленген бағдарлама жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды, білім және денсаулық сақтау саласын дамыту секілді аймақтар мәселелерін кешенді жолмен шешуге бағытталған. Бағдарламаның түпкі мақсаттарының бірі – жас мамандарды туған қаласында жұмыс істеп, өмір сүруге ынталандыру. Еуразиялық Топ жүргізген кешенді әлеуметтік зерттеуден кейін осал жерлер анықталған соң қаржылай қолдау нақты аймақта ең үлкен сұранысқа ие болып отырған жобаларға бағытталуда. 

Қатысты Мақалалар