Кино әлемінде озық тұрған Үндістан Қазақстанмен бірігіп кино түсірмек ниетте

/uploads/thumbnail/20170710095559169_small.jpg

Шанхай ынтымақтастық ұйымының 14-отырысында хаттамаға қол қойылды. Хаттамаға сәйкес, ШЫҰ аясындағы көпжақты және екіжақты мәдени байланыстардың одан әрі дамуы көзделген, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Сондай-ақ, Үндістанның Қазақстанмен бірігіп кино түсірмек ойларының бары да анықталды.

«Біз хаттамаға қуана қол қойдық. Ең алдымен, біз тығыз қарым-қатынасқа мүдделіміз. Мен бірінші кезекте бізде бейресми қарым-қатынастың барын айта кеткім келеді. Біздің ынтымақтастығымыз өз жемісін беруде. ЭКСПО аясында терракт жауынгерлерінің атақты көрмесі ұйымдастырылатын болады, ал ол көрменің қаржысын Қытай Мәдениет министрлігі толығымен өтейтін болды. Сондай-ақ, Өзбекстан Мәдениет министрлігімен де тығыз қарым-қатынастамыз. Қырғызстанмен де бірігіп қызмет жасауды қолға алмақпыз. Бұл ұлттық спорт ойындарын дамыту болып табылады: көкпар, қыз қуу және тағы басқалары», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Үндістанмен киноиндустрия саласын дамыту мақсатында ынтымақтастық орнату жөнінде де сөз болды.

«Біз Қазақстанмен терең қарым-қатынастамыз. Екі елдің мәдени құндылықтары ұқсайды. ШЫҰ арқылы ынтымақтастығымыз одан әрі нығая түседі деген үміттемін. Әр сөзін бимен жеткізетін үнді фильмдерінің дәрежесінің жоғарылығы бәріне мәлім. Ендігі кезекте Қазақстанмен киноиндустрия саласын байланыстырмақ ниеттеміз», - деді Үндістан Мәдениет министрінің орынбасары Шифали Шах.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар