Лисаковск-Астана бағытындағы жолаушы тасымалдайтын автобус жол бойында отқа оранды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Наша газета басылымына сілтеме жасап.
Төтенше жағдай 2 мамыр күні кешкі сағат 23.30 шамасында Новонежинка ауылының маңында орын алған. Болжам бойынша, өрт қысқа тұйықталудан пайда болған.
Автобус Қостанай облысының аймағынан шығып үлгермеген.
Жолаушыларды дәл уақытында эвакуацияланған. Зардап шеккендер жоқ.
Шолушы: Айгерім Таубай