2012 жылы 26 жастағы Джемма Холмс үлкен жол апатына ұшырады. Ауруханаға жеткізілген оған көптеген ота жасатуға тура келеді. Миы шайлады, омыртқасы, аяғы сынады. Дәрігерлер оның аман қалатынына сенбейді. Джемма комаға түседі.
Джемма тек үш айдан кейін ғана комадан оянады. Сол кезде адам нанғысыз жағдай орын алады. Джемманың ішінде бірнәрсе өсіп келе жатады. Ол жүктіліктің 4-айында екен. Алайда Джемма есін жоғалтып алғандықтап, өзінің соңғы 3 жылдағы өмірін еске түсіре алмайды, баласының әкесі кім екенін де білмейді.
Дәрігерлер Джеммаға баланы алдыртуды ұсынады. Себебі баланы босану оның сол кездегі жағдайы үшін ауыр еді. Әйелдің ағзасы үшін бала босаны тым қауіпті еді. Барлығы Джемманың баласынан бас тартуы дұрыс деп ойлады және ол солай жасайтынына сенімді еді.
«Маған егер қаласаңыз баланы алдыртуыңызға болады деді. Бірақ мен баламның ішімде өсіп келе жатқанын сездім. Өте ауыр болды. Мен тіпті өзіме қарайтындай хәлде болмадым. Алайда бұл баланың менің бойыма біткені мен оның мынадай сұмдық жол апатынан кейін аман қалуы ерекше жағдай екеніне сендім»- дейді әйел.
Барлық өткеретін ауыртпалықтарды түсіне отырып Джемма баланы қалдыруға шешім қабылдайды. 2013 жылы дәрігерлер Джеммаға түрлі жеңілдететін дәрі-дәрмектер арқылы баланы аман-есен дүниеге әкелуіне жәрдемдеседі.
Джеммаға босанған соң тағы бірнеше ота жасатуға тура келеді. Бірақ Рубен есімді баласы оның қиындықтарын жеңілдетеді. Өзінің ауыр жағдайда болуына қарамастан Джемма осындай ерлік әрекетке барған. Бұл тек нағыз аналардың ғана қолынан келетін іс.
Пікір қалдыру