Қарағандыда мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына арналған форум өтті

/uploads/thumbnail/20170710100341729_small.jpg

 Маусымның 2-де «Жастар» спорт кешенінде облыс әкімінің қатысуымен Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала Елінің рәміздері жасасын!» атты форум өтті, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Форумға Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының тұрғындары, еңбек ардагерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, этномәдени ұйымдардың өкілдері, депутаттар, қоғам, мәдениет қайраткерлері, студенттерден құралған 3000-нан аса адам қатысты. Мереке мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығын білдіретін 25 ту ұстаушылардың қатысуымен ұйымдастырылған «Ту симфониясы» би қойылымымен басталды. 

Форумға қатысушыларды облыс әкімі Ерлан Қошанов құттықтады. 
- Мемлекеттік рәміздер әрдайым ұлттың мақтанышы болды және болады, - деді облыс әкімі. – Олар әлемге оның бейнесін, бірегейлігін, құндылығын ашып көрсетеді. Әрқайсымыздың санамызда рәміздер Отанды бейнелейді

Облыс әкімі Елбасының рухани жаңғыру туралы айтқан мақаласынан сөз келтірді: «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез-келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодтың негізі».

Форумға қатысушылар өздерінің сөздерінде мемлекеттік рәміздер олар үшін тәуелсіз елдің, әділеттіліктің, гүлденудің және алға жылжудың белгісі екенін атап айтты. 
- Мен үшін біздің рәміздер – жеңістер мен жетістіктердің белгісі, - деді «КазПласт» және «БекемПласт» ЖШС компаниялар тобының бас директоры Сергей Водько. – Біздің ғұлама спортшыларымыз жеңіске жеткенде, біздің туымыз көкке көтіріліп, әнұранымыз шырқағанда қандай сезімде болатындарын түсінемін. Біздің әрқайсымыз мақтаныш, қуаныш және патриотизм сезімдерін сезінеді. Әлемдік деңгейдегі шешімдер қабылданатын халықаралық форумдарда, съездерде, біздің байрағымыздың болуы Қазақстнның пікірі де еленетінінің белгісі. Біз және барлық дүниежүзі біздің рәміздерімізді көріп, әділдік, бейбітшілік пен өзара түсіністікті қолдаудағы пікіріміз екенін байқайды. 

25 жыл бұрын 1992 жылдың 4 маумысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Ту туралы Заңдарына қол қойды. Бұл күн ел тарихында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде сақталып қалды.

Шолушы: Гүлім Жақан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар