АҚШ корей санкциялар тізіміне ресейліктерді не себепті қосқан?

/uploads/thumbnail/20170710100414995_small.jpg

Ресейдің БҰҰ аясындағы тұрақты өкілінің орынбасары Владимир Сафронков АҚШ-тан түсініктеме беруін талап етуде, себебі ресейліктер Солтүстік Кореяға қарсы Вашингтон санкциясының тізімінде жүр, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Сафронков бұл жайында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөйледі. Ресей КХДР қарсы БҰҰ санкциясы үшін дауыс берген.

Оның үстіне, ресейлік дипломат Пхеньянға қатысты санкцияның тізімінде Ресейдің үш компаниясы мен бір азаматы тұрғаны үшін АҚШ-тан түсініктеме талап етті. «Бұл ақылға сыймайтын қадам, сондай-ақ көңілдің қалуына әкеліп соғады», деді өз сөзінде.

АҚШ билігі КХДР қарсы жаңа санкцияны 1 маусым күні жүргізген. Тізімге Ресейдің Ardis-Bearings LLC, Ақ "Независимая нефтегазовая компания" (ННК), АҚ "ННК-Приморскнефтепродукт" атты компаниялары кірген. Оның үстіне, санкция ресейлік кәсіпкер Игорь Мичуринге қарсы жүргізілген.

Худайнатов өзінің компаниясына қарсы санкциялардың жүргізілгеніне таң қалғанын жеткізді. Ресей СІМ ресейлік компаниялар кірген АҚШ санкцияларын айыптады.

Шолушы: Гүлім Жақан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар