Ұлыбританияда бір топ адам автокөлік астында қалып қалған 7 жастағы баланы құтқарды. Бұл туралы Қамшы ақпраттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 7 мамыр күні болған. 7 жастағы бала жол апатын түсіп ол Mercedes автокөлігінің астында қалып қалған. Ол жаяу жүргіншілер жолағынан өтпей, жолға шығып кеткен. Оқиға куәгерлері баланы көлік астынан аман алып шыға алған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы қалыпты, алайда толық емделуге 6 айдай уақыт кетеді дейді дәрігерлер.
Пікір қалдыру