Астанада Шоқан Уалихановқа қатысты өрескел қателіктер халықтың наразылығын тудырды

/uploads/thumbnail/20170710100707139_small.jpg

Астана қаласының  автобус аялдамасында  қазақтың ұлы тұлғаларының суреттері бар баннерлер ілінген. Баннерлерде суреттерімен қатар өмір сүрген жылдары үш тілде жазылған. Осы ілінген баннердің біріндегі өрескел қате халықтың  наразылығын тудырды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Халықтың наразылығын тудырған қателік Шоқан Уалихановты 130 жыл, яғни   1835-1965 жылдары  аралығында өмір сүрген деп жазған. Негізінде  Шоқан Уалиханов 1836-1865  жылдар аралығында өмір сүрген.

Осы өрескел қателіктерді Астана қаласының әкімшілігі ескеріп, түзетеді деп ойлаймыз.

Дайынлаған: Ақнұр МҰХТАРХАН

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар