«Хазіретті Мұхаммед ﷺ Пайғамбардың «Рамазан айында бір жақсылық жасаған адамға Алла Тағала басқа айларда парыз істі орындағанның сауабын береді. Ал, парызды орындағанға басқа айлардың сауабын жазады» деген мағынадағы хадисі бар. Осындай игі іске жүрегі үйір азамат, жеке кәсіпкер Медет Сикенов алғашқы ауызашар кезінде жаңа үйге қоныс аударуына байланысты өзінің құтты шаңырағының кілтін Мешітке табыстады деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі muslim.kz-ке сілтеме жасай отырып. Бұл тосын сый жамағатты тәнтті етті.
Құр баспананы ғана емес бұрын өздері тұрғанда қолдынып келген барша бұйымдарын да мешіт игілігіне қалдырып кетті. Баспана құжаттары да ресми түрде рәсімделуде. Мешіттің бас имамы Назымбек Иманғалиев:
— Биылғы айлардың сұлтаны үлкен қайырлы іспен бастау алды. Бұрындары осы өңірге қызметке келуге ниетті имамдардың жағдайларын жасай алмай қиналатын едік. Басқа аудан мешіттерінде өзіміздің қасиетті топырақтан шыққан қаншама білімді азаматтар еңбек етуде. Олар пәтер мәселелері оқсамай жүргендерін айтады. Талай сынақтарды бастан кешіп жүріп, ақ жолдан айнымаған Медет бауырымыздың бұл ізгі қадамы өзге де қалталы азаматтарымызға үлгі болады деген үміттеміз. Күтпеген сыйға өте қуанып қалдық. Алла дұғамызды қабыл етті" - деп, өз ризашылдығын білдірді.
Шолушы: Әсел Өтешова
Пікір қалдыру