ТЯНЬАНЬМЭНЬ ҚЫРҒЫНЫНЫҢ 28 ЖЫЛДЫҒЫНДА ТАЙВАНЬ ҚЫТАЙҒА ДЕМОКРАТИЯЛЫ ЕЛ БОЛУ ЖОЛЫН ҰСЫНДЫ

/uploads/thumbnail/20170710100931078_small.jpg

Тайвань президенті Цай Инвэнь Қытайға «бір партиялы мемлекеттен қалай динамикалық демократиялы елге айналуға болатыны туралы» тәжірибесімен бөлісуге ұсыныс жасады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі BBC орыс қызметіне сілтеме жасап.

Оның аталған ұсынысы Қытайдың 1989 жылғы Тяньаньмэнь алаңында қанды қырғын жасағанына 28 жыл толуы қарсаңында айтылды. 28 жыл бұрын дәл осы күні Қытай билігі саяси өзгерісті талап еткен жастар мен студенттерді танкпен таптап, қатігездікпен жаныштаған еді.

Ал, Қытай билігі аталған жағдайдың орын алмағанын алға тартып, басқа елдерде осы күнге байланысты еске алу шарасын өткізуге қарсылық білдіреді.

Ресми мәліметтер бойынша, 1989 жылы 4 маусымында Қытай билігінен саяси өзгеріс талап еткен демонстрацияны басып-жаншудан 241 адам өлген. Кейбір мәліметтер бірнеше жүздеген адамның өлгенін айтса да нақты дерек жоқ. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар