Орал қаласының маңында орналасқан Ақсай қалашығында мектеп оқушысы өзін-өзі өлтірген деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ibirzha.kz-ке сілтеме жасап. Суицидтің себебі мектеп оқушысына емтиханда қойылған нашар баға болуы мүмкін екендігі белгілі болды. Оқушының дарға асылған денесін әке-шешесі тауып алған.
Мұндай оқиға Ақсай қалашағында бірінші рет орын алмаған. Жақында дәл осындай суицид оқиғасы екі апта бұрын тіркелеген болатын. Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты тергеу әрекеттері жүргізілуде.