New York Observer журналисі Андре Уокер өзінің твиттердегі парақшасына «Ислам мемлекетін» өзін 50,000 фунтқа (64 мың АҚШ доллар ) өлтіруін сұраған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі шетел басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Уокер Темзаның бойында қолына қылыш алып суретке түскен. Өзінің басын алған адамға сыйақы тағайындайтынын мәлімдеген.
«Мен сендерге өзімнің мекен-жайымды беремін. Полиция болмайды. Менің қолымда тек қылыш қана бар. Сондықтан сәттілік!»-деп жазған ол суретінің астында. Алайда арада біраз уақыттан кейін журналист ол суретін желіден алып тастап өзінің жазылушыларына жәй ғана өзіне тең күш іздегенін айтқан.
Желі қолданушылары Уокердің батылдығын еркеше бағалаған.
Пікір қалдыру