Қарағанды облысында Сатпаев қалашығында 68 жастағы зейнеткер өзінің 16 жастағы немересін пышақ сұққан. Пышақ жарақаттарынан жеткіншек қаза тапты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі МИА «Казинформ»-ға сілтеме жасап.
Тергеу мәліметтеріне қарағанда зейнеткер өзінің қызы мен немересі арасында орнаған кикілжіңді шешуге тырысқан. Тамақ жасап жатқан зейнеткердің қолында пышақ болған. Қызы мен немересінің ұрысып жатқанын естіген ол араға түскен. Баласы анасын ұрған соң ұрыс апасы мен немерсінің арасында жалғасқан. Ұрыс барысында жеткіншек апасын итеріп жіберген. Осыған қатты ашуланған апасы жеткіншекті дәл жүрегіне пышақ сұғып алған екен.
Қазіргі уақытта бұл оқиғаға байланысты сот процесі күтілуде.
Шолушы: Назерке МҰСА
Пікір қалдыру