Батыс Қазақстанда ер адам өз бауырының әйелін балаларының көзінше зорлап кеткен

/uploads/thumbnail/20170710101532334_small.jpg

Батыс Қазақстанда ер адам өз туысы болып келетін әйелді екі баласының көзінше зорлаған, - деп жазады tengrinews.kz  ibirzha.kz-ке сілтеме беріп .  Оқиға 31 мамырға қараған түні болған, алайда бұл туралы енді ғана анықталып отыр екен.  Қарасу ауылының тұрғыны сағат кешкі 23.00-де туысының үйіне қонаққа келген. Осы кезде үйде 1995 жылғы әйел екі баласымен болған. Әйелдің күйеуі, яғни өзіне жақын туысы үйде болмағанын білген ол екі кішкентай баланың көзінше келіншекке қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған. Бұл уақытта зорланған келіншектің күйеуі Оралда жүрген.  

Қазіргі уақытта ер адам ұсталып, ендігі қылмысын мойындады. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша кінәсі дәлелденсе, ол үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.

 

Қатысты Мақалалар