Батыс Қазақстан облысындағы 10-сынып оқушысы өз-өзіне қол салды

/uploads/thumbnail/20170710101730773_small.jpg

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында №4 орте мектептің оқушысы өз-өзіне қол салды. Ата-анасы өз үйінде баласының асылып тұрған күйі тауып алған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі kaz.tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оқиға 2 маусымда болған. "Бейресми дереккөздердің хабарына қарағанда, суицид жасауға емтихандағы нашар бағасы себеп болған", - делінген ақпаратта.

Басылымның мәліметінше, бұл соңғы бірнеше күн ішінде болған екінші қайғылы оқиға. 28 мамырда 10-ықшамауданның 21 жастағы тұрғыны терезеден секіріп кеткен. Осы дерек бойынша Бөрлі аудандық ІІБ соталды тергеу жүргізіп жатыр, бірқатар медициналық сараптама тағайындалған.

Шолушы: Әсел Өтешова

 

Қатысты Мақалалар