Сүйіктісін 8 жыл күткен жігіттің оқиғасы әлемді жылатты

/uploads/thumbnail/20170710101745992_small.jpg

Нағыз махаббат пен адалдық кейбіріне ертегіде ғана болатындай көрінер. Жо-жоқ, өмірде де бар... Жапондық ғашықтардың махаббат хикаясы осыған дәлел.

2007 жылы қос ғашық үйлену тойларының күнін белгілейді. Алайда атаулы күнге 3 ай қалғанда жігіт той агенттігіне хабарласып, уақытын кейінге қалдыратындарын айтқан. Сөйтіп жылдар өте берді.

2014 жылы той агенттігіне тағы қоңырау шалынды. Бұл жолғы оқиға мүлдем басқа еді, ол Жапония жұртын ғана емес, бүкіл әлемді жылатты.

Хисаши Нишизава мен Маи Накахара 10 жылдан астам уақыт қыз бен жігіт болып араласып жүрді. Үлйенуге бел байлап, 2007 жылдың наурызына той күндерін белгілемек болады. Бәрі ойдағыдай еді, бірақ кенеттен дауыл соқты.

Тойға үш күн қалғанда Маидің әрекеті оғаш көрінді. Не істеп, не қойғанын ұмытып қалатын күйге түсті, түндерде өзімен-өзі жылайтын болды, тіпті айқайға басатын. Сөйтіп оны ауруханаға, ол жерден психиатрияалық бөлімге апарды.

Ал үш күннен соң жағдайы тым мүшкіл болады. Аяқ асты жүрегі тоқтап қалған Маиді дәрігерлер қиындықпен аман алып қалған. Бұл жағдайдан соң Хисаши той орталығына хабраласып, тойды кейінге қалдырды. Маи болса жүрегі тоқтаған қалпы оянбады, комада жатқан еді.

Күйеу жігіт қалыңдығы оянғанша күтуге ұйғарады. Арада бірнеше айлар өтеді, Маи көзін ашар емес. Жігіт күн сайын қызға барып, бос уақытын сүйіктісінің жанында өткізіп жүрді. Онымен сөйлесті, сүйікті әуендерін қойып берді, жиі массаж жасап жүрді.

Тек 5 ай өткен соң дәрігерлер нақты диагноз қояды. Маи аналық без қатерлі ісігіне шалдыққан екен.Оның ағзасын жаулаған ауру жүйке жүйесіне қарсы жұмыс істеп, миының жұмысына кедергі келтірген. Ісік операция арқылы дереу алынды. Қыз да оянуы керек еді, алайда жылдар өте берді. Мая ес-түссіз қалпы жата берді.

Хисашиге өзге қызды ізде деген ақылдар көп айтылды, бірақ жігіт сүйіктісін күтетінін, оның оянатынынан үмітті екенін айтып, күтуін жалғастырды.

Жарты жылдан соң Маи оянды. Алғашында ешкімді танымады, ешнәрсеге әсер де бермеді. Вегетативті қалыпта қалды. Ал Хисаши келуін тоқтатқан жоқ. Сүйіктісі күндердің бірінде оны міндетті түрде есіне түсіретініне сенді, әрдайым жанында болды.

Не керек, ғажайып тек 3 жылдан кейін бірақ орнады. Хисашиді көрген сайын Маидің жүзі күлкіге үйірілетін. Жігіттің көптен күткен арманы орындалды. Маи де өз қалпына келе бастады. 8 жыл төсекке таңулы болғандықтан жүріп кетуі мүмкін емес еді. Бірақ Маи той күні өзім жүретін боламын деп өз-өзіне серт берді. 8 жыл өткен соң 2014 жылы қос ғашық той күнін белгілеуге тағы келді.

21 желтоқсанда екеуі шаңырақ құрады. Маи үшән күрескен барлық жандар тойдың қадірлі қонағы саналды. 8 жылда бойында жиналып қалған қыздың сезімі сол күні сыртқа шықты, Маи қуаныштан егіле жылады.

Бірнеше жыл комада жатқанына қарамастан жігіт сүйіктісінен бір сәтке де алшақтаған жоқ, оның жазылып, аяғына тік тұрып кетеріне жан-тәнімен сенді. Қызды шын сүйіп, күйеуі атанатын күнді күтті. Бұл махаббат хикаясы бар әлемді жылатты, БАҚ өкілдері жарыса жазды. Кейін қос ғашық жайында кітап та жарық көрді.

Шолушы: Сабина Рамазан

Қатысты Мақалалар