Әлеуметтік желіде ер адамның майдан даласында анасынан қырғыз тілінде кешірім сұраған видеосы таралды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
«Менің уақытым аз. Далада атыс жүріп жатыр. Мен аман қалмайтын шығармын. Ана, менің айтайын дегенім, мені кешірші. Мұнда келгенім қателік болды. Мұнда балаларды өлтіріп, әйелдерді зорлайды. Кімнің бұйрық беретіні түсініксіз. Бұл біздің соғыс емес, менің соғысым емес. Анашым, тағы да кешірім сұраймын» дейді бетін тұмшалап алған ер адам.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет