19 ғасырда тылсым күшпен салынған мына үйге адамдар әлі күнге дейін кіруге қорқады (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710113649581_small.jpg

1881 жылы Сара Винчестер есімді әйел сол жалдарда  ең ауқатты, бай  әйелдердің бірі болған. Ол Оливер Винчестер есімді ойлаптапқыш адамның ұлына тұрмысқа шыққан. Оның ұлы Уильям қару-жарақ шығаратын магнат болған. Сара барлық байлықты күйеуінің мирасқоры ретінде иеленеді. Сол кезде оның жағдайы 20,5 миллион долларға бағаланған.

1884 жылы Сара медуимнің (параллель әлеммен байлыныс орната алатын адам) қабылдауында болады. Онда күйеуінің әруағымен сөйлесіпті-мыс. Күйеуі Уильям оған өзіне түскен қарғыс туралы айтқан екен. Күйеуінің өлімі, туған қыздарының өлімі барлығы- Уильямның әкесіне ол шығарған қарудың кесірінен өлген адамдардың қарғысы келген. Күйеуінің  осы әруақтардың қарғысына ұшырағандығын түсіндірген.

Уильям Сараға жаңа үй сатып алып үйді әруақтар әйелін тауып кек қайтара алмайтындай етіп салуын сұрайды.

Осыдан кейін Сара Сан-Хосе деген жерде ғимарат сатып алып, жұмысшыларды жалдап оны өзгерте бастаған. Ешқандай архитекторлардың қызметтеріне жүгінбеген.

Күн сайын ол параллель әлеммен байланысқа шығып, күйеуінен нұсқаулар алып кейін оны жұмысшыларына айтып беріп отырған деседі.

Сараның жұмысшыларына айтқан нұсқаулары ертесінде-ақ тез әрі жиі өзгеріске ұшырап отырған.

Алайда оның жұмысшылары қалыптыдан 1,5 есе көбірек қаражат алып отырған. Сондықтан да қызметкерлер әйел не айтса да орындайтын болған.

Нәтижесінде 7 қабатты жекежай үй салынған. Кейін жер сілкінісі салдарынан бірнеше үстіңгі қабаттар құртылған. Жалпы үйде 300 бөлме, 13 жуынатын бөлме, 2 бал залдары, 6 ас үй, 47 алауошақ, 2 жертөле, 3 лифт болған. Сонымен бірге барлығы 2000 есік болған.

Бүгінгі күні үлкен үйден 4 қабат пен 160 бөлме ғана қалған. Ең қызығы үйде ешқайда апармайтын есіктер өте көп. Осылай әйел өзінің ізінен түскен жындар мен әруақтарды адастырмақшы болған екен.

Үйдің төбесіне апаратын баспалдақтар да осы себеппен жасалған. 

Терезелер әрдайым көшеге қарамаған. Көп жағдайда терезелерден келесі бөлмелер көрінген.

Соған қарағанда, келесі бөлмедегі елестің келе жатқанын көру үшін жасалған болуы керек.

Мынау Сараның өзге әлемдегі кеңесшілерімен сөйлесетін «көк бөлмесі».

Сара көп ұйықтамаған деседі. Әр түні сағат 2:00-де оны қоңырау дыбысы оятатын көрінеді. Әйелге 13 саны қатты ұнаған екен. Бүкіл үйдің ішінде 13 санын барлық заттардың үстінен табуға болады.

1922 жылы Сара қайтыс болған соң өзінің артында бағалы заттар қалдырған. Қайтыс болған әйелдің сейфінен күйеуі мен қызының шаш талшықтары табылған.

Бүгінгі күні Винчестерлер үйі- аса танымал туристік ұйым.  

Дайындаған: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар