ЭКСПО көрмесін тамашалауға келген қонақтар шағымдануда (ВИДЕО, ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710113839211_small.jpg

10 маусым күні Астана қаласында халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі ашылды. Алайда, ұйымдастырушылар барлығын дайындап үлгермеген секілді. Көрмені тамашалауға келген қонақтар лас әжетханалар мен тым жоғары бағаға қатысты шағым білдіруде, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Total.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесінің аймағында 10  маусым күні ашылу салтанаты болғанмен халық тым аз болған.

Астана қаласының тұрғыны өзінің қызымен сағат 11:00 шамасында көрмені тамашалауға келген.  Оның айтуынша, ол жерде халық тым аз және әжетханалардың ешқайсысы да пайдалануға дайын болмаған, тамақ сатып алатын жерлер жұмыс істемей тұрған.

«Ішетін су алатын жер бар, алайда тамақ алып жейтін бірде-бір жер жоқ. Кішігірім дүңгіршектерде адамдар тамақ сатып тұрған, алайда олар тым аз және де барлық адамға жетпейді. Бүгін ЭКСПО-ның алғашқы күні, ал олар әлі толық дайын емес. Жарты литр кола сусыны мен жай ауыз суы 300 теңге, ал қарапайым кофенің өзі 1000 теңге тұрады», - дейді көрмені тамашалауға келген әйел.

Шолушы: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар