Сәбиді өлтірген дәрігер: Ештеңе етпейді, әлі талай баланы дүниеге әкелесің

/uploads/thumbnail/20170710114000198_small.jpg

Баласынан айрылу қай ата-анаға болсын ауыр болатын сөзсіз. Кез-келген ана әлі туылмаған баласын асыға күтіп, оның киімдерін дайындап, күн санап жүреді. Алайда сонша күткен баласы өлі туылған кезде ана жүрегінің қарс айрылып, қандай күйге душар болатынын тіпті көз алдына елестете де, дәл сол қиналған анадай сезіне де алмайсыз. Әрі өз баласының өлі туылуына адами фактор кесірін тигізетін болса, ол адамды өмір бақи кешірмей өтетіні анық. 

Игорь мен Олеся өз баласынан айрылғандарына әлі күнге дейін сене алмай жүр. Олар баласынан дәрігерлердің немқұрайлығының кесірінен айрылды. Сәбиінен айрылған Олесяның алғашқы жүктілік уақыты жақсы өтіп жатты. Ол уақытылы дәрігерлерге көрініп жүрді, ал дәрігерлер барлығы жақсы екенін айтып қуантып жүрген.

Алайда 41-аптада аяқ астынан оның іші қатты ауырып, дәрігерлерге тексерілу үшін ауруханаға барыпты. Бірақ дәрігерлер еш қиналмастан, денсаулығында ешқандай кінәрат таппадық , Но-шпа дәрісін қабылда деп кеңес берген.  Сонымен бірге дәрігерлер кез-келген ауырсыну кезінде болмайтын нәрсеге  өздерін мазаламауын ескерткен.

Олесяның ауырсынуы аздап басылғанымен, біраз күннен кейін баласын ауыр жағдайда дүниеге әкелген.  Алғашында жалған толғақ деп белгісіз дәрілер беріп, толғақты тоқататын екпе салған. Соден кейін дәрігерлерлер еш қиналмастан «Сәбиіңіздің жағдайы тым ауыр. Оның өмір сүруі мүмкін емес. Тіпті таңға дейін шыдамауы мүмкін»,-депті.  Қандай тасжүрек адам осындай сөздерді айта алады?! Осы жағдайдан кейін байғұс анаға ешқандай психологиялық көмек те көрсетілмеген екен. Сәбиінен айрылған ата-анаға бас дәрігер: «Ештеңе етпейді, әлі жассыңдар. Талай баланы дүниеге әкелесіңдер», - депті.

Содан кейін ата-анасы баласының денесін алып кетіп өздері жерлепті. Осы іске байланысты тергеу істері жүргізіліп жатыр. 

Аударған: Әсел Өтешова

Қатысты Мақалалар