«Бұл менің сәбиім емес!»
«Бұл менің балам емес, менікі емес», - деп айқай салды Зоя Тұрғанова перзентхандағы әр дәрігерге. Алайда акушерлер ашуға булығып, өздерін баланы ауыстырып алды деп айыптаған Зояның өзін айыптады.
Оқиға Челябинсктегі перзентханалардың бірінде орын алған.
-Дәл сол жылы мен қызымды дүниеге әкелдім. Перзентханада болған барлық жағдай кеше ғана болғандай көз алдымда: босанбақ болған әйелдердің құқықтарының қорғалмауы, дәрігерлердің салғырттығы. Сол себепті өмірлерінде түбегейлі өзгеріс орнаған екі отбасының оқиғасы маған жақсы мәлім, - деді өткен күндерді есіне түсірген Зоя Туғанқызы.
Челябинск перзентханасында ауқатты отбасында дүниеге келген сәбиді ішкіш отбасына беріп жіберген. Оқиға 1987 жылы орын алған еді, 40 жастағы 40 жастағы Зоя Туғанова 3 сәбиін дүниеге әкелді...

-Қызды болдыңыз, - деді дәрігерлер сәбиді анасына көрсетіп.
-Ақшыл келген, көздері үлкен, - деп есіне алады Зоя Антонқызы, - келесі күні қызымды тамақтандыруым тиіс еді, қарасам, маған мүлдем басқа сәбиді әкелген, қараторы, шышы да қара. Мен айқайға бастым, өзімнің қызымды әкелулерін талап еттім, оның үстіне сәбидің бет-әлпеті орыс ұлтына келмейтін еді. Ал олар маған күйеуімнің татар екенін айтып, бекер дау шығармауымды бұйырды.
Көрші палатада Зояның тегіне ұқсас әйел жатқан еді. Эльвира Төлегенова да қызды болған. Зоя балаларды салыстырып көруін өтінгенімен, талпынысы бекер болды. Оны даугер деп айтыптап, психиатриялы ауруханаға жатқызамыз деп қорқытқан. Ол заманда бұдан артық қоқан-лоқы жоқ еді.
Перзентханадан шығарарда дәрігерлер Туғановтардың қызы Катяның жүрегінде ақаудың бары анықталады.
-Ол жеті жасына дейін ауырды. Біз уақытымыздың көбін ауруханада өткізетінбіз, емдеу орталықтарына жиі баратынбыз. Катяға операция жасап, ауруынан іржола айықты, - дейді Зоя Антонқызы.
Қыз зерек болып өсті. 3 жасында әріп таныды. Мектепті бітірген соң байланыс институтына түсті. Оны тәмамдап темір жол академиясында оқыды. Қазіргі таңда темір жолда қызмет атқарады. 8 жастағы ұл баланың анасы.
Алайда Зоя Туғанова перзентханадағы жағдайды еш уақытта ұмытпаған, өз баласының басқа отбасында өсіп жатқанына ол сенімді болды.
-Бұл жайында ешкімге тіс жарып айтпағанмын. Күйеуім Катяны қатты жақсы көрді. Бірақ, туыстарымыз Катяның бізге ұқсамайтынын жиі айтатын. Күйеуім қаза тапқан соң бәрі өзгерді. Мен бір бағдарламадан балаларды ауыстырып алу жөнінде көріп отырып, өз-өзімді тоқтата алмадым, жылай беріппін. Менің бұл әрекетімді байқаған Катя сұрақ астына алды. Амал жоқ, бар шындықты айтуыма тура келді.

Екатерина Туғанова жүрегіндегі ақаумен дүниеге келді. Алайда анасының қамқорлығымен ауруын жеңіп шықты, бақытты әрі денсаулығы мығым қыз болып өсті.
«30 жыл бұрын маған қараған көздерді бірден таныдым»
Катямен бір күнде дүниеге келген Люция Төлегенова Челябинсктен 50 шақырым қашықтықта орналасқан башқұрттар ауылында өсті. Әлеуметтік желіден оның суреттерін көрген Зоя мен Катя естерінен танып қалды: Туғановтардан айнымайтын қыз бала.
Шыдамаған ана жүрегі Люцияға хабарлама жазып жібереді. Сөйтіп анасы мен қызы сараптамадан өту үшін ауруханаға келеді.
-30 жыл бұрын маған қараған көздерді мен бірден таныдым. Сараптама нәтижесіне еш таңқалғаным жоқ. Люция менің қызым болып шықты, - дейді Зоя Туғанова.
Ал әкесі Люцияны алғаш көргенде, мүлдем сенбеді. Қызы екенін мойындамады, әйелін көзіне шөп салған деп айыптады.
Люция берекесіз отбасында өсті. Ата-анасы ішікіш болған, жұмыс та істемеген. Аштан өлмес үшін Люция екі бауырымен көшелерде қайыр тілеумен күн кешкен.
13 жасқа келгенде ол бауырларымен жетімдер үйіне түседі, себебі әкесі кісі өлтіргені үшін түрмеге қамалып, ішкілікке салынған анасы көз жұмады.
Люция білім де алмаған, тұрмысқа ерте шығып, бүгінде үш баланың анасы. Күйеуі жұмыссыз, балаларымен құлауға шақ қалған үйде тұрады. Жалғыз кіріс – мүгедектікке берілетін жәрдемақы. Бала кезінде құлағына зақымданған Люцияны ешкім емдемеген, қазір ол есту мүшесі зақымданған мүгедек.
Зоя мен оның туған қызы Люция
-Қызыма ешқандай көмек көрсете алмаймын. Жасым 70-ке таяды, бір зейнетақыға қарап отырмын. Егер қыздарды ауыстырмағанда, Люцияның өмірі мұндай болмас еді. Бірақ, туған қызымдай болып кеткен Катяны да ойлаймын, ол ішкіштер отбасында өсетін еді, тіпті, бүгінге дейін тірі қалмас па еді, кім білсін. Бұл қателік үшін жауап беретін адамдар бар.

Зейнеткер сотқа арыз берді. Моральдық зиян келтіргені үшін дәрігерлерден 3 млн. рубль талап етіп отыр. Бұл қомақты сома туған қызының аяғынан тік тұрып кетуіне көмектесер еді.
Шолушы: Гүлім Жақан