Павлодарда жаппай төбелес нәтижесінде ер адам қайтыс болды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710113934310_small.jpg

Павлодарда жаппай төбелес нәтижесінде ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Павлодар Жаңалықтарына сілтеме жасап. Сонымен қатар оқиға орнында түсірілген видое желіде кеңінен таралуда. 

Келеңсіз жағдай11 маусым күні таңғы 5 шамасында «Арай» сауда орталығының алдында орын алған. Куәгерлердің мәлімдеуінше төбелеске кемінде 10 адам қатысқан.  Нәтижесінде екі ер адам пышақпен жарақаттанып аурухана жеткізілген.  Ал бір ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Облыстық полиция қызметкерлерінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, адам өліміне қатысы бар 24-26 жастағы екі күдікті ұсталған.

-Ұсталғандар 43 жастағы ер адамға дене жарақатын салған. Нәтижесінде ер адам көз жұмды. Аталған деректер бойынша адам өлімі және бұзақылық ісі қозғалып отыр, деп мәлімдеді құқық қоғаушылар.

Денсаулықсақтау басқармасының мәліметінше оқиға орнынан үш ер адам ауруханаға жеткізілген. 31 жастағы Аққу ауылының тұрғыны мен Аққу ауылының 25 жастағы тұрғын тексеруден кейін  амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді.

33 жастағы Аққу ауылының тұрғыны жансақтау бөлімінде жатыр.

Шолушы : Айгерім ТАУБАЙ

Қатысты Мақалалар