Деректі фильмде Путиннің рөлін кім ойнауы мүмкін екендігі анықталды

/uploads/thumbnail/20170710114022832_small.jpg

Танымал Оливер Стоун есімді режиссер Владимир Путин туралы деректі фильм түсірген болатын. Осы орайда ол Путинді көркем туындыда қандай актер ойнауы мүмкін екендігін атап өтті. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Стоунның пікірінше, Путинің образын Джереми Реннер немесе  Леонардо Ди Каприо ойнай алатын еді дейді. Ди Каприо Путиннің рөлін алып шыға алатын еді, тіпті актер Ленинді де сомдай алатын еді дейді режиссер. Алайда кинематограф мұндай фильмді түсіруге батпайтынын айтқан.

Стоунның жаңа туындысы «Путинмен сұхбат» деп аталады. Осыған дейін АҚШ-тың бірқатар президенттері  соның ішінде Джон Кеннеди, Ричард Никсон  және т.б жайында деректі фильмдер түсірген. 

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар