Дүниеге келетін баланың әкесі мен екі анасы болмақ

/uploads/thumbnail/20170710114030783_small.jpg

Британдық Адам Лайонстың екі әйелі бар және олар бір үйде тұрады. Адамның Брук Шедд есімді әйелінен Данте есімді баласы бар. Ал екінші әйелі тұңғышын босанбақ. 

«Біз үшеуіміз бір уақытта ата-ана атанатынымыз қандай жақсы. Біз бірге балаларымызды тәрбиелеп, өсіреміз. Біз бұл туралы көп ойландық, нәтижесінде үшеуіміз де болашақ балаға қамқор боламыз деп шештік» дейді Адам.

Адам ерекше отбасының күнделікті өмірі туралы айтып өтті.

«Үшеуіміз де жұмыс істегендіктен күнделікте өмірде бізге өте ыңғайлы. Үй шаруасын атқаруда ешқандай қиындық көрмейміз. Балаларға қарайтын да адам бар. Әрбір отбасы мүшесінің демалуға уақыты болады. Брук пен Джейн алғаш өз қарым-қатынасы туралы айтқанда барлығы мұның ұзаққа бармайтынын айтты. Алайда біздің бірге тұрып жатқанымызға 5 жыл болды. Біз нағыз отбасымыз» дейді Адам Лайонс.

Дайындаған: Сабина Рамазан

 

Қатысты Мақалалар