Лесбос аталатын грек аралының бір тұрғыны қайтыс болды. Эгей теңізінің маңында орын алған жер сілкінісі нәтижесінде 10 адам жараланды. Келеңсіз жағдай дүйсенбі таңертең орын алды. Сілкінудің магнитудасы 6,3 баллды құрады.
Аралда ондаған үйлер қирап, жолдар жабылған. Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, апат алдын-ала хабарланбаған.
Қазір құтқарушылар үйіндінің астында қалып қойған адамдарды іздестіруде. Жер сілкінісінің соққысы Түркияның батысында орналасқан Ыстамбқл, Измир қалаларына сезілген, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Россия 24 мәліметіне сүйеніп.

Шолушы: Айгерім Таубай