«Оқушылардың жол бойындағы өлі денелері көлік жүргізушілеріне сабақ болсын!»

/uploads/thumbnail/20170710114757379_small.jpg

Шотландияда оқушыларды жолға шығып өлі күйінде жатуға мәжбүрлеген, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Осындай ерекше әдіспен мектеп басшылығы көлік жүргізушілеріне жол ережесін сақтауды, бала өміріне қауіп төндіретін әрекеттерден аулақ болуды үйретпек. Алайда мұғалімдердің бұл қылығын тұрғындардың көбі қолдай қоймады.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, Шотландияның Аллоа қаласында ондаған оқушысы көлік жүретін жолдың бойына өлі адамдай жатып алған. Соңғы кездері қалада көлік жүргізушілердің құрбанына айналған оқушылар мен студенттердің саны жиілеп кеткен. Осыны ескерген мектеп басшылығы лажсыздан осындай қадамға барған көрінеді.

Акция ұйымдастырушыларының болжамынша, жол бойында жатқан балалардың өлі денесі көлік жүргізушілерін ойландыруы тиіс. Алайда ата-аналар балаларының аталмыш акцияға қатысуына түбегейлі қарсылық танытып отыр. Сонымен қоса қаладағы жазатайым оқиғалардың алдын алу қауымдастығы да акцияның өтуіне қарсы. 

Қатысты Мақалалар