КешYou тобының экс-әншісі: Жаңа құрамның әндерін мүлдем тыңдамаймын

/uploads/thumbnail/20170710114810212_small.JPG

КешYou тобының экс-әншісі Әнел Әрінова қазіргі құрамның әндерін мүлдем тыңдымайтынын айтты. Бірақ ол өз ұстаздарының жұмысын сыйлайтынын, құрметпен қарайтынын айтқан. 

Бұл туралы Әнел Әрінова Астана телеарнасындағы «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында айтқан. 

«Біз ән айтқан кезде ол мүлдем басқа заман, басқа КешYou еді, ол мүлдем басқа музыка және біз өзгеше болдық. Қазір КешYou-дің құрамы жиі жауысады. Маған бұл топ ұнайды немесе ұнамайды деп айта алмаймын. Маған ұстаздарымның істеп жүрген жұмысы ұнайды. Ал бірақ қазіргі КешYou-дің тыңдарманымын ба деп сұрасаңыз? Жоқ, мен олардың әнімен мүлдем ауырмаймын», - дейді Әнел Әрінова. 

Әр адамның талғамы, өнерге, өмірге деген көзқарасы да өзгеше екені белгілі. Қазіргі КешYou - дің құрамы осыған дейінгі топтарға қарағанда мүлдем өзгеше. Әндері де, стилдерә де өзгелерге ұқсамайды. Аталмыш топтың құрамы өзгерген сайын олар туралы көптеген пікірлер қалыптасатыны сөзсіз. 

Шолушы: Әсел Өтешова

Қатысты Мақалалар