Ресейде наразылық акциясының шекарасы кеңеюде

/uploads/thumbnail/20170710114818476_small.jpg

Кеше Ресейдің көптеген қалаларында оппозициялық қарсылық акциясы өтті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі bbc-ге сілтеме жасап. Полиция 1000 адамды ұстады. Сарапшылардың айтуынша, Ресей күнінде наразылық шеруінің өтуі ең алдымен оппозициялық белсенділіктің артқанын көрсетеді. Ұсталғандардың арасында Алексей Навальный да бар. Оны 30 күнге қамауға алу туралы шешім шықты. Оппозициялық белсенді Навальныйды үйінен шығып бара жатқан жерінен полицейлер ұстап әкеткен. Бұл туралы оның әйелі БАҚ хабарлап айтқан. 

Кирилл Рогов, публицист

Қазір біз бұрынғымен салыстырғанда адамдардың наразылық шеруіне шығуға деген жоғары дайындығын көріп отырмыз. Полицияның да жақсы дайындалғанын байқауға болады. Пушкин алаңына акцияны болдырмауы үшін келген полицейлердің санында шек жоқ.

Егер Мәскеудегі акцияны айтар болсақ, наразылық шеруіне шыққан адамдардың саны 2011-2012 жылдардан бері өспеген. Десек те, екі өзгеріс бар. Біріншіден, жастардың белсенділігі артты. Екіншіден, қарсылық акциясының шекарасы кеңейе түсті. Басты қалалардан шалғайда орналасқан қалаларда өз наразылықтарын білдіре бастады.

Дегенмен, билеуші режимге саяси дағдарыс әкелетіндей деңгей туралы айту ерте.

Вячеслав Данилов,Саяси сараптама Орталығының атқарушы директоры

Саяси тұрғыда бұл қарсылық акциясы Навальный үшін тиімді. Тіпті Мәскеуде емес, өзге аймақтарда адамдар наразылық шеруіне шыққан. Онда Навальный өз штабын ашты. Ол үшін бұл үлкен жетістік.

АҚШ Президентінің баспасөз хатшысы Шон Спайсер қарсылық акциясына қатысқандарды дереу босатуға шақырды. Сонымен қатар, полиция тарапынан ұсталғандарды босатуды халықаралық Amnesty International құқыққорғау ұйымы да талап етті. 

   Шолушы: Әсем Әлмұханбет

 

Қатысты Мақалалар