Жаңа туған сәби таңғажайып оқиғаға себепкер болды

/uploads/thumbnail/20170710114907378_small.jpg

     Басына қаңылтыр табағы түсіп, миына қатты зақым келгенде Джон Литл бар-жоғы 23 жаста еді. Оқыс оқиға оның жұмысында болған. Жас Джон құрылыс компаниясында жұмыс істеген. Күйеуі ауыр халде жатқанда әйелі Арлин ана атануға дайындалып жүрген.

     Жігіт комаға өте ауыр күйде түсті. Дәрігерлер оның комадан шығып, аман – есен қалуына күмәнмен қараған. Дегенмен Айлин үмітін үзбей қай кезде болмасын, жолдасынын қасынан табылған. Тек тұңғыш баласын дүниеге әкелу үшін ғана бір аптаға бәлніске жатқан. Бір апта өткеннен кейін Арлин Джей есімді нәресте мен күйеуіне келеді.

     Баласының даусын естіген әкесі бірден есін жиып комадан шықты. Қазір Джонни 30 жаста. Тезірек аяққа тұрып кетуінің себепкері кішкентай Джей екенің айтады. Оның қайтадан адам қатарына қосылуы әйелінің қолдауы мен көмегі деп біледі.

    «Егер адамда болашаққа деген сенім болса, бәрін жеңіп шығуға болады» дейді ол. Бүгінде Джонни әйелі Арлинмен тағы бір ұлдың ата-анасы атанды. Өз жанұясын асырап, балаларының болашағы жарқын болуына Джонни сол бұрынғы жұмысына қайта оралды.

Шолушы: Альмира АСЛАНОВА

Қатысты Мақалалар