Алматы тұрғындары жаңа жүргізуші куәлігін алу үшін кезек күтпейтін болады

/uploads/thumbnail/20170710114914671_small.jpg

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары жаңа жүргізуші куәлігін алу үшін бүгіннен бастап кезек күтпейтін болады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемелкеттік корпарациясы» КЕ АҚ өндіріс қызметін үйлестіру жөніндегі басқарушы директор Шоқан Әбділманов мәлімдеді.

Ш. Әбділмановтың айтуынша, пилоттық жоба қызмет алушылардың уақытын үнемдеуге, мамандандырылған ХҚКО-лардағы кезекті азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай шешімнің қабылдануына аталмыш қалаларда азаматтардың ең көбі жаңа жүргізуші куәлігін алу үшін ұзын сонар кезекте тұратын көрінеді. Енді ол азамттар құжатты мамандандырылған ХКҚО-да берілген қолхатты көрсетіп, өздеріне ыңғайлы кез-келген ХКҚО-да алатын болады.

Ш.Әбділманов қазіргі уақытта Қазақстанда 12 мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейтінін айтып өтті. Олар Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Павлодарда, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай, Ақтөбе және Шымкент қалаларында, сондай-ақ екі мамандандырылған ХҚКО секторы Алматыда және Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында.

Жылдың басынан бастап 137 мыңнан астам жүргізуші куәлігі берілді.

Қатысты Мақалалар