Апалы-сіңлі, ағалы-інілі бауырлардың арасында көптеген келіспеушіліктер мен қызғаныштар орын алатыны белгілі. Алайда кейбір жасөспірімдер өзінің сіңлісі немесе інісі болғанын армандап, аңсап та жүреді. Сондай оқыиғалардың ерекшесін назарларыңызға ұсынамыз.
12 жастағы Джейси өз анасын босандыруға көмектескен. Джейси жаңа туған інісін көрген сәттегі эмоциясын суреттерден байқауға болады.


Бұл суреттер ғаламтордағы әлеуметтік желілерге тарап, көпшіліктің пікірі екіге жарылды. Біреулер бұл оқиғаны ерекшелік деп білсе, біреулер кішкентай қыздың анасын босандыру кезінде қасында болуы оның психологиясына кері әсерін тигізеді деген пікірде.
Бұл оқиға АҚШ мемлекетінде Миссисипи атты штатта орын алған.
Дайындаған: Әсел Өтешова