Түрлі елдердегі ақылға қонымсыз заңдар мен тыйымдар

/uploads/thumbnail/20170710115510038_small.jpg

Заң адамдардың құқықтары мен міндеттерін реттеп отырады. Кез келген адам өз мемлекетінің заңцна бағынады, бағынуға тиісті. Алада кей мемлекеттерден ақылға қонымсыз заңдарды кездестіруге болады. Мәселен, бір елдің заңы бойынша вокзалда жігіт пен қыздың қоштасуына тыйым салынған т.б. Осы сынды адамның ойына да кіріп шықпайтын заңдарды келтіріп өтсек. Жо-жоқ, кей мемлекеттердегі адамдардың ойына бұл заңдарды қабылдау кірген екен ғой...

Корольдік балықты аулауға тыйым салу

Талай заманнан бері корольдік отбасының меншігінде болғандар: аққу, кит, балықтардың кейбір түрі, сондай-ақ Үлыбританиядағы корольдік ғимараттың ауласындағы кез келген тірі жан иесі, кез келген аймақ. Яғни, қарапайым адамдар ол жануарларды ауламаған, маңына да жоламаған.XIV ғасырдан бастап бұл тізімнің құрамына бекіре балығы кірді. Сол ғасырдан бері корольдік отбасына тән бекіре балығын аулауға қатаң тыйым салынды. Алайда XXI ғасырдың басында Роберт Дэвис есімді ер адамның қармағына байқаусызда 3 метрлік бекіре балығы түскен.

Заңға бағынатын ер адам бұл жайында бірден күзетке хабар береді. Күзет сарайға хабар береді, сарай ханшайымның атына хат жазады. Сөйтіп балықшының әділеттілігіне риза болған ханшайым оған аяушылық танытып, бекірені өзіне қалдыруға рұқсат етеді. Заң бойынша, корольдік балықты не жеу керек, не сыйлау керек, ал сатуға тыйым салынған.

Қала көшелерінде аюмен қыдыруға тыйым салу

1876 жылы Ресей патшалығында «Халықтың көңілін көтеру үшін аяларды алып шығуға тыйым салу» жөнінде жарлық күшіне енді. Ол замандарда көше адамдарын аю сынды жануарлармен көңілін көтеру кеңінен жайылған. Тіпті тыйымға қарамастан, жыртқыштарды көшеге алып шығатын, себебі сол арқылы көп ақша табуға мүмкіндік бар еді. Қала көшелерінде серуендеп жүрген орыс аюлары жөнінде стереотип сол заманнан алыптасқан түсінік екенін айта кеткен жөн.

Сүйісуге тыйым салу

1910 жылы махаббат қаласы Францияның теміржол вокзалдарында «Сүйісуге тыйым салынған» деген жазбасы бар плакаттар ілініп тұратын. Себебі ғашықтардың ұзаққа созылған қоштасуы пойыздың жүруін кешіктіретін, салдарынан вокзалдағы тәртіп бұзылатын. Айта кетейік, заңның күші бүгінде жойылмаған.

Британдық парламент ғимаратында өлуге тыйым салынған

Ұлыбританияда британдық парламент ғимаратында жан тапсыруға қатаң түрде тыйым салынған. Бұл тыйымның өзіндік түсінігі бар. Вестминстер сарайында болып қаза тапқан адам корольдік құрметке лайық түрде, мемлекет қаражатына жерленуі тиіс екен. Сол себепті сарай күзетшілері ғимаратта оқыс оқиғалардың орын алмауын қатаң қатағалайтын болған.

Америкалық тыйымдар

Америкадағы заңдарға америкалықтардың өздері күле қарайтын көрінеді. Мәселен, Пенсильвания штатының үйлеріне 16 әйелдің бір уақытта тұруына тыйым салынған. Аляскада бұландарға алкогольдік сусындарды ішкізуге болмайды, Аризонадае есектерді ваннаға ұйықтатуға рұқсат берілмеген. Ал Миннесот штатында басқа үйрек қойып шекраны өтуге тыйым салынған. (Шынымен де ақылға қонымсыз, әрі күлкілі екен).

Жерлеуге тыйым салу

Монтанода жеті адамнан артық үндістерге көшеде жүруге болмайды. Топ болып жүрген үндістерді байқап қалса, оларды соғыс бастамақ деп ойлап, жазықсыз атып тастаулары мүмкін.

Ежелгі Римде адам найзағайдың соққысынан қаза тапса, оны құдайдың қаһарына ұшыраған деп, жерлемеген. Тіпті өлген денені жерден көтеруге тыйым салынған, құдайдың жазасына ұшыраймыз деп қорыққан. Ал заңды бұзған адамды жазалаған.

Шолушы: Сабина Рамазан

Қатысты Мақалалар