Қонақтап келген қадірлі айым,
Сынап көргендер сабырлы дəйім.
Бір айға ғана жеңілдік еткен,
Қайта келгенше сағым бұл айым.
Алланың берген сансыз несібі,
Білмейді оның қанша кесімі.
Жүрегімзді тазартып жатыр,
Тербелгендейін алтын бесігі.
Құнарлы еді сəресі неткен,
Кей адам бұдан зəресі кеткен.
Ауызды ашып жұтынған сəтте,
Белгісіз нұрмен əн есіп өткен.
Қуантып жүрек түкпірін Алла,
Шыдап жүрейік ышқынып алға.
Қабыл етсінші дұғаларымызды,
Ауыз бекітіп үш тілім нанға.
Бауырым сенде жеңілдік алғын,
Куə болсыншы атар мұнар күн.
Кірін тазалап жүректің қатқан,
Жеңілдеп бір тағы шығармын.
Авторы: Аян Темірбекұлы