Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау ауылында орналасқан «Зинеден Құрасұлы» мешітінің бас имамы Құрметқали Бақтығұлов пен наиб имам Қанайбек Салиев дін қызметкерінің этикасын бұзғаны үшін жұмыстан босаталды. ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігі аталған азаматтардың қызмет барысында сөз таластырып, келіспей қалғандығын анықтады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ҚМДБ баспаcөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушыларын 2017 жылдың 22 мамырында болып кеткен оқиға туралы объективті ақпарат беруге шақырады.