ШҚО-да мұғалім 10 әріптесін алдап олардың атына кердит рәсімдеген

/uploads/thumbnail/20170710115735768_small.jpg

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының полиция бөлімшесіне зардап шеккен 10 адамнан шағым түскен.  27 жастағы мұғалім әр түрлі сылтауларымен әріптестерінің жеке куәліктерін сұрап, оларды суретке түсіріп содан кейін кредит рәсімдеп отырған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі informburo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«17 мамыр күні ол менің қасыма келіп мен жаңа маман болғандықтан менен жеке бас мәліметтерімді сұрады. Оларды электронды портфолиоға саламын деп айтқан. Арнайы мұғалімдер туралы ақпарат жазылатын сайт бар, сонда жарияланады деді»-деп есіне түсіреді алданған мұғалімдердің бірі.

Әйел кредитті әр түрлі бағада рәсімдеген. 27 мың теңгеден бастап 100 мың теңгеге дейін.  Бір адамның атынан бірнеше кредит алған жағдайлар да болған. Зардап шеккен 10 адамның 2-уі кредиттері төленгендіктен әйелге шағымданбайтындықтарын жеткізген.

Кредит беретін ұйымның өзі онлайн түрде қызмет көрсетеді. Онда тез әрі жылдам 300 мың теңгеге дейін ақша береді. Онлайн-кредит алу үшін жеке куәлік пен сурет жүктеу ғана қажет етіледі. Ең басты талап кредит алушының Қазақстандық болуы керек.

Айлакер мұғалім осындай тәсілмен әріптестерінің жеке куәліктері мен суреттерін ала отырып кредит рәсімдегені белгілі болған. Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған соң  мұғалім жұмыстан өз еркімен кетіп, кредиттердің өтемақысын төлеп жатыр.

 

Шолушы: Назерке МҰСА

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар