Әйел фотоға түскенде дәл осы сурет күйеуімен ажырасуына себеп болады деп ойламады

/uploads/thumbnail/20170710115746213_small.jpg

Араб Әмірліктерінде тұратын әйел әлеуметтік желіде атты сүйіп тұрған фотосын жариялаған. Фото Парсы шығанағында түсірілген. Әйел фотоға түскенде дәл осы сурет күйеуімен ажырасуына себеп болады деп ойламады. Алайда ол еш өкінбейтінін айтады.

Sada газетіне берген сұхбатында әйел ер адам мен жылқыны айыра алмайтын ер адамнан ажырасып кеткеніне қуанышты екенін айтады. Ол фотоға түскенде араб аттарына деген махаббатын ғана көрсеткісі келгенін айтады.

Соңғы кездері Сауд Арабиясында ажырасулар өткен жылмен салыстырғанда 21% артқан екен. Аталмыш оқиғаны есітеген халық, бұл статистиканы әйелдердің жан-жануарлармен сэлфи жасап, фотоға түсуі жиілеп кеткеннен деп әзілдейді екен. 

Шолушы: Сабина Рамазан

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар