Алматыда үш автокөлік соқтығысқан жол апаты орын алды (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710115944924_small.jpg

Алматыда Мұстафин мен Біржан көшелерінің қиылысында жол-көлік апаты орын алды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі zakon.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды. Lexus RX автокөлігі Мұстафин көшесімен  жоғары көтеріліп келе жатқан.  Оған қарама-қарсы бағытта Ssangyong көлігі Біржан көшесіне бұрыла бергенде соңғы көліктің жүргізушісі Lexus көлігін өткізіп жібермеген. Көліктер соқтығыстан аман қалды. Соңғы көлік шетке бұрылып кеткенде оған Toyota соқтығысқан.

Көлік апатынан Lexus авто көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы және Ssangyong көлігінің жүргізушісі зардап шеккен.  Ssangyong көлігінің жүргізушісі Lexus көлігімен  соқтығыстан соң бірден есінен танып қалған.

 

Шолушы: Назерке МҰСА

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар