Қылмыс 13 маусымда орын алды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
Көкшетауда Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Жанна Бердіғұлова өз үйінде өлтірілді. Бұл жөнінде Ақмола облыстық ІІД хабарлайлы.
Механикалық тұншықтыру салдарынан қайтыс болған 46 жастағы судьяның денесі сейсенбінің таңында табылған.
Жұмысқа келмеген әйелді әріптестері өз үйінен өлі күйінде тапты.
Күдікті ретінде 33 жастағы Көкшетау тұрғыны ұсталды, оның 2006 жылы адам өлімі бойынша сотталғаны анықталды. Ер адам өз кінәсін мойындаған.
«ҚР ҚК 99 бабына сәйкес іс қозғалды», деді Ақмола облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.
Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Шолушы: Гүлім Жақан
Пікір қалдыру