Үндістанда әйелдің көзінен 7 см. құрт табылды

/uploads/thumbnail/20170710120834990_small.png

Үндістанның Керала штатында дәрігерлер емделуші әйелдің көзінен құрт тапқан. Мамандардың көмегімен табылған құрт дирофилярия тұқымына жатады.  Бұл тұқымға жататын құрттар адамның денесінің бір бөлігін  қалыптан тыс өсіріп жіберуге қауқары бар. Бұл туралы life.ru хабарлайды.

56 жастағы әйел  көзі мен көзінің айналасы қатты қышыған соң дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Құртты көзден алып тастау операциясы аса ауыр емес 10 минуттың көлемінде жасалады деп атап өтті жергілікті дәрігерлер.

Шолушы: Сабина Рамазан

Қатысты Мақалалар