Т. Жаманқұлов баспасөз мәслихатын өткізіп, қоғамда дау тудырған сұрақтарға жауап береді

/uploads/thumbnail/20170710120818253_small.jpg

15 маусым, 2017ж, сағат 12.00-де "Қазжол" қонақүйінде Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Тұңғышбай Жаманқұлов баспасөз мәслихатын өткізеді, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
"Феникс" фильміне қатысты қозғалған қылмыстық іске байланысты № 2 Медеу аудандық сотының өзіне шығарған үкімімен келіспейтін Т. Жаманқұлов Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым түсірмек.
Баспасөз мәслихатында Т. Жаманқұлов осы іске және қоғамда үлкен дау тудырған өзіне қатысты басқа да сұрақтарға жауап береді.
Мәслихатқа Т. Жаманқұловтың қорғаушысы - Бақыт Қадырбекова, жары - актриса, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәрия Жүсіп, шәкірті - композитор Қадырғали Көбентай және желтоқсандағы тағдырына куәгер Гүлбахрам Жүніс қатысады.
Өтетін күні: 15 маусым, сағат 12.00.
Өтетін жері: "Қазжол" қонақүйі.
Мекенжайы: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 127/1, Сейфуллин көшесінің қиылысы.

 

Қатысты Мақалалар