Қош бол, имансыз Нұр-қоғам!
Ары-пұл, күң-ұят құл заман!
Өзіңді сүргенге жиіркенем,
Өзіңмен жүруге арланам!
Бақұл бол, алдамшы пұлбасы!
Ең тұңғыш сертіңмен өліп ең.
Күресін құраған ордасы,
Тірлігі талайды жеріткен.
Саясат - кен мен жер саудасы!
"Көзірі" - мұнайдың пайдасы!
Тірлігі - әлемнің ығында!
Керуені - кәпірлер жолында.
Аман бол, құл-сана мекені!
Білемін, уақыт та - уақытша!
Өзіңе қанша жыл жетеді?
Санаңды салуға табытқа.
Бақыл бол, коммунист - Нұротан!
Ертеңгі тарихың - таразы!
Бір ғасыр өтсе де ұрпағың,
Өзіңе болады наразы!
Қайран жер қандай ең, кең байтақ,
Байлығың сатсада бітпеді.
Аш аран, көр пиғыл, айтақ үн,
Ажалдың сезеді жеткенін!
Қайырғали Сыдиыхұлы