Әйел баланың тастанды екенін айтқаннан кейін естіген жауабы оны есеңгіретіп жіберді

/uploads/thumbnail/20170710120738075_small.jpg

Анна Петрова есімді әлеуметтік желі қолданушысы өзінің куә болған оқиғасымен бөлісті.

«Жақында балалар ойын алаңшасында бір жағымсыз көріністің куәсі болдым. Біздің аулада  өте мәдениетті отбасы тұрады. Әкесі сәулетші, анасы мұғалім. Олардың асырап алған Леонид есімді алты жастағы баласы бар. Леонид бір күні аулаға шығып құмда ойнап жатқан балалармен ойнамақ болған. Сол уақытта бір әйел қасына келіп,

 "Сен тастанды баласың. Асыранды баласың! Жетімдер үйінен шыққансың. Егер сен анаңның туған әке-шешең емес екенін білгеніңде өзіңді дәл бұлай ұстамаушы едің» деді әйел.

Мұны естігеннен кейін қаным басыма шапты. Мен әйелге төне берген уақытта, Леонид еш ашуланбастан, көзіне жас алмастан ересек адамдарша:

«Тәте, мені жайыма қалдырыңызшы! Мен асыранды бала екенімді білемін. Анам мені тәрбиелі болуды үйретеді. Сондықтан мен сізге ешқандай жаман сөз айта алмаймын. Сондықтан бара жатқан жеріңізге бара беріңіз» деді де өз ісін үзбестен құмнан қамалын салуды жалғастыра берді.

Әйел сұрлана түсті. Алайда аузына сөз түспеді.

Лена сөзін жалғастырып әкетті.

«Мен сізді анам мен әкеме айтамын. Мен сізді белемін. Сізді барлығы жеккөреді» дейбергені сол еді Леонидтің анасы мен әкесі оның жанына келді. Сол сәтте әлгі әйелдің жағдайын айтудың өзі күлкілі" деп жазды Анна Петрова.

Шолушы: Сабина Рамазан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар